2025 жылға дейін денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2025 жылға дейін денсаулық сақтау саласына 28 трлн теңге жұмсалады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова айтып берді.

«2020-2025 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға дейін денсаулық сақтау шығындарын ЖІӨ 5% дейін жеткізу қарастырылған. 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтаудың жалпы шығындары 28 трлн теңгені құрайды. Оның 13 трлн теңгесі немесе 47% мемлекеттік бюджеттен, МӘМС активтерінің шығысы - 3 трлн теңге немесе 11%, халықтың шығысы - 11,8 трлн теңге», - деді Б. Жақсылықова ҚР Парламенті Сенатында өткен жиналыста.

Бұған дейін жауапты хатшы қазақстандық дәрігерлердің орташа жалақысы туралы айтып берген еді.