2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысуы ЭЫДҰ елдері деңгейіне дейін қысқартылады - М. Құсайынов

«Біздің басты мақсат 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысуын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері деңгейіне дейін қысқартуға негізделген. Үкіметтің рөлі бизнес пен кәсіпкерлер үшін жемісті әрі қолайлы ортаны құрумен шектеледі. Осы арқылы біз ЭЫДҰ-ның үздік тәжірибесіне сәйкес, ақшалай-несиелік және фискалды саясатты жүргізудің берік ұстанымдарын құру үшін тиісті шараларды қабылдаудамыз»,-деді М. Құсайынов.
Осы ретте ол бизнестің рөлін күшейту мен кәсіпкерлер мүддесін қорғау үшін бизнес-омбудсменнің институты жақсаратынын жеткізді.
Сонымен қатар бірінші вице-министр Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша Астана Халықаралық қаржы орталығының негізі қаланғанын еске салып өтті.
«Біз жаңа инфрақұрылымды құру бағытында жұмыс істеудеміз, оның ішінде жоғары технологиялық ақпараттық технологияларды енгізу ескерілуде, сондай-ақ олардың жердегі, әуедегі және теңіздегі көлік пен коммуникация ағымына интеграциясы қамтылуда»,-деді ол.