2025 жылы Қытай мен Үндістан экономикалары «Үлкен жетілік» елдерін артта қалдырады
Ұйымның болжамына сәйкес, 2012 жылы Қытайдың ЖІӨ Еуроаймақтан асып түседі, ал 2030 жылы аталған екі алпауыт елдің экономикаларына АҚШ, еуроаймақ және Жапонияның жалпы ішкі өнімдерін қоса есептегенде жете алмайды екен.
«Біздің балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүретін әлем біздікінен басқаша болады», - дейді ұйымның бас хатшысы Хосе Анхель Гурриа.
ЭЫДҰ сарапшыларының пікірінше, 2060 жылға қарай дамушы елдердің экономикасы 4 есе ұлғаяды, соның ішінде Азия алпауыты атанып отырған аспан асты елінің ЖІӨ көлемі 7 есеге дейін өседі деп күтілуде. Осының нәтижесінде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық қысқарады.
АҚШ та бір орында қалып қоймақ емес. Сарапшылардың пікірінше, елу жылдан кейін қытайлықтар мен еуропалықтарға қарағанда АҚШ тұрғындарының табысы әлдеқайда молырақ болады.