2025 жылы Орталық Азия елдері мұздықтарының картасы жасалады - UNESCO
«Су ресурстары және трансшекаралық су мәселесін шешуде ынтымақтастық қажет. Аталған проблеманы оңтайлы шешуде UNESCO Орталық Азия елдерімен бірлесіп не істеп жатыр дегенге келейік. 2021 жылдан бастап біз ғылым арқылы тереңірек түсінуді қамтамасыз ету және мұздықтардың еруіне байланысты тау көлдерінің толып кетуіне дайындалу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Одрэ Азуле елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумында.
UNESCO басшысының айтуынша, аталған бірлескен жұмыс - су ресурстары мәселесін оңтайландыру мақсатындағы маңызды ғылыми ынтымақтастық.
«Ұлы ақын Абайдың 38-ші қарасөзінен үзінді келтіргім келеді: «Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешнәрсені оларсыз біліп болмайды». Яғни, біз ынтымақтасты ғылымнан бастауымыз керек. 2025 жылға қарай біз Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстандағы мұздықтар мен мұзасты көлдерінің картасын жасағымыз келеді», - дейді форумның құрметті қонағы.