2026 жылдың қаңтарынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі

АСТАНА.KAZINFORM – 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды әкімшілендіру талаптары өзгермек. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Гүлден Хасенова мәлімдеді. 

мобильный перевод
Коллаж: Kazinform

Оның айтуынша, 2025 жылғы 12 қарашада Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар бекітілген. Соған сәйкес, 2026 жылдан бастап түсімдер бойынша жаңа шекті мөлшер 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) енгізіледі.

– Бұған дейін үш ай қатарынан түрлі адамдардан 100 және одан астам аударым түскен жағдайда ғана кәсіпкерлік қызмет белгісі ретінде қарастырылатын. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 ең төменгі жалақы көлеміндегі түсім лимиті қосылады. Бүгінде ЕТЖ мөлшері – 85 мың теңге, – деді Гүлден Хасенова МКК-ның Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударым саны мен мөлшері салық органдарының назарын аудартқан адамдарға қандай хабарлама келетінін айтты.

Сонымен қатар Қазақстанда мобильді аударым ережелері өзгерді.

Соңғы жаңалықтар