Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маусым және шілде айында Батыс Еуропада температура рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық климаттың өзгеруі жөніндегі Copernicus қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың маусым және шілде айлары Батыс Еуропада бақылаудың барлық кезеңіндегі ең жоғары орташа температура рекордын орнатты, деп хабарлайды DW.

2026 жылдың маусым және шілде айлары Батыс Еуропада температура рекордын жаңартты
Фото: People.com

Осы кезеңде орташа температура 21,62°C-қа жетті — бұл 1991-2020 жылдардағы орташа деңгейден 2,79°C жоғары.

Copernicus атап өткендей, Батыс Еуропада аптап ыстық көктемнің соңынан бері жалғасып келеді: мамыр айынан бастап аймақта аптап ыстықтың төрт толқыны тіркелді, бұл аймақ үшін ерекше жоғары көрсеткіш.

Ал Шығыс Еуропа мен Скандинавияда жаз айтарлықтай салқын болды.

Шілдедегі рекордтық температура тек Батыс Еуропада байқалған жоқ. Полярлық аймақтардан тыс жерлерде де әлемдік мұхит рекордтық мәнге дейін жылынды. Жылынуға ықпал еткен факторлардың бірі Тынық мұхитының тропикалық бөлігіндегі «Эль-Ниньо» құбылысы болды.

Ол алдағы айларда күшейеді деп болжанып отыр.

Теңіз бетінің орташа температурасы шілде айында оңтүстік және солтүстік ендіктердің 60 градусы арасында 20,96°C-ты құраған, бұл үш жыл бұрын сол айда тіркелген 20,89°C рекордтан асып түсті.

Осыған дейін Румынияда аптап ыстыққа байланысты бүкіл ел бойынша қауіптіліктің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланғанын хабарладық

Сондай-ақ Аустрия мен Словакияда аптап ыстықтың тарихи рекорды тіркелгенін жаздық.