2026 жылғы әлем чемпионатының билеттеріне сұраныс тым жоғары – FIFA
АСТАНА. KAZINFORM – FIFA 2026 жылғы әлем чемпионаты билеттеріне рекордтық 500 миллионнан астам өтінім түскенін жариялады. Өтінім беру кезеңі бір айға созылды, деп хабарлайды The Athletic.
FIFA 104 матчтың әрқайсысы үшін жеребе тарту рәсімін өткізеді. Ақпан айында таңдалған қатысушыларға билет таратылады. Бұл шешім былтыр қазан және қараша айларында шамамен 2 миллион билет сатылып, турнирге 4-5 миллион билет қалған соң қабылданды.
Топтық кезеңнен финалға дейінгі барлық ойынның билеттері бұрынғы әлем чемпионаттарына қарағанда бірнеше есе қымбат болады. Бұл – Солтүстік Америка мен шетелдегі кейбір жанкүйерлердің турнирді теледидардан көретініне тікелей байланысты. Сондай-ақ 500 миллионнан астам өтінім арасында билетті ертерек сатып алып, оны қайта сатуды жоспарлап отырғандары да бар болуы мүмкін.
FIFA жеребе нәтижелері туралы жанкүйерлерді 5 ақпаннан бастап хабардар етеді. Ал турнир 11 маусымда Мехико қаласында басталып, қалған 104 матч АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді.
Бұған дейін финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтетіні хабарланған еді.