2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — ХХ жазғы Азия ойындарының қарсаңында Жапонияда қатысушы елдердің ұлттық делегацияларын қарсы алуға арналған салтанатты рәсім өтті.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мемлекеттік туларды көтеру рәсімі үш күнге жалғасты. Оның шешуші үшінші күнінде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Ливан, Таиланд және Филиппин делегациялары қатысты.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Салтанатты шара барысында қатысушы елдердің мемлекеттік тулары көтеріліп, ұлттық әнұрандары орындалды. Сондай-ақ делегациялар мен жарыс қожайындары өзара естелік сыйлықтармен алмасты.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Іс-шара соңында Комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев дәстүрлі ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз жарыс бағдарламасына енген 43 спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Жекелеген жарыстар Токио мен Осака қалаларында, Сидзуока және Гифу префектураларында ұйымдастырылады.

Ойындардың ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.

Айта кетелік Азия ойындары: ел спортшылары бұған дейін қай спорт түрінен үздік нәтижеге қол жеткізгені туралы жазған едік