2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және саланың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі
Фото: Gov.kz

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшкін қаупі жоғары тасжолдарда, таулы аудандар арқылы өтетін теміржол желілерінің маңайына ғарыштық мониторинг жүргізіледі.

Сондай-ақ, жасанды интеллектті енгізе отырып, жер сілкіністерін болжау тәжірибесі енгізіледі. Бірінші кезеңде аталған пилоттық жоба Ташкент қаласында жүзеге асады.

Бұл жұмыстармен бірге мәдени мұра нысандарының ықтимал зілзалаға төтеп беру қауқары тексеріледі. Бұған қоса, аймақтардың сейсмикалық қауіптілігі туралы ақпараттар жинақталған платформа құрылады. Оны құрылыс компаниялары ғимарат салу кезінде басшылыққа алуы тиіс.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан үкіметі ЖИ-ді енгізе отырып, 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыстан босатпақ.

Қоса кетсек, 2026 жылдан бастап өзбекстандық оқушыларға жасанды интеллект негіздерін оқыту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Өзбекстан үкіметі жемқорлықпен күрес үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар