2026 жылға дейін мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау үлгісіне көшеміз – вице-министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 2026 жылға дейін жоғары білімді дамытудың басым бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда жоғары білім саласындағы ұлттық саясаттың ең басты міндеті – ол жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және де «білім экономикасына» қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Осы міндеттерді орындау үшін бүгінде біз стратегиялық басымдықтарды нақты айқындап, бірқатар бағдарламалық құжаттарды бекіттік. Бұл – университеттердің автономиясы туралы заң, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы, 2022-2026 жылдарды қамтитын ҚР Білімді дамытудың тұжырымдамасы», - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

Вице-министрдің мәліметіне сәйкес, 2026 жылға дейінгі жоғары білімді дамытудың басты бағыттарына мыналар кіреді:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту;

- мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау моделіне көшу;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру және мазмұнды жаңарту;

- жоғары білімдегі цифровизациялау;

- университеттердегі басқару жүйесін жетілдіру;

- жоғары білімдегі интернационализациялау;

- жоғары білім жүйесінің сапасын қамтамасыз ету.


Фото: ortcom.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram