2026 жылға қарай Қытайда интернетке қосылғандар саны 10,25 млрд болады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2026 жылға қарай Қытайда интернетке қосылғандар саны 10,25 млрд құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Оның ақпаратына сәйкес, International Data Corporation (IDC) зерттеу компаниясының есебінде бұл қосылыстардың басым бөлігі тұтынушылық секторда, дегенмен «ақылды үй» жүйесі мен адамдардың өзімен алып жүретін құрылғылары өсімнің негізгі драйверлері болып қала береді.
2026 жылға қарай тұтынуға байланысты заттардың интернетке қосылу саны шамамен 5,98 млрд, ал өндірістік сектор мен коммуналдық инфрақұрылымға байланысты қосылымдар шамамен 300 млн және 2,2 млрд құрамақ.
Сондай-ақ алдағы жылдары денсаулық сақтау және білім беру саласындағы интернетке қосылу саны екі таңбалы көрсеткішке дейін өсуі болжанып отыр.
Фото: russian.news.cn