2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылады

«Энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия генерациялайтын қуаттар енгізілетін болады. Оның ішінде 1,8 ГВт электр станцияларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу қолға алынады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылатын болады. Осылайша жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7 пайызға жетеді.

«2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Болат Ақшолақов.