2027 жылы қазақ-өзбек шекарасында 100 гектарлық арнайы индустриялық аймақ ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің арасындағы Орталық Азия «халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы заңды қабылдады.

 2027 жылы қазақ-өзбек шекарасында 100 гектарлық арнайы индустриялық аймақ ашылады
Фото: ӨР Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты

Құжатты депутаттарға таныстырған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған орталық «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттеріне жақын орналаспақ. Оның құрамына өндірістік алаңдар мен қоймалар, көлік инфрақұрылымы кіреді.

- Бұл жүк тасымалдауды жылдамдатып, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі қатысушылар санын қысқартуға тұтыну арқылы өнімнің соңғы құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясындағы өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді. Келісім бойынша орталықтың жалпы аумағы 100 гектар болады. Қазақстандағы бөлігі — 50 гектар, Өзбекстандағы бөлігі — 50 гектар, - деді министр.

Аталған аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі деп көзделген. Арман Шаққалиев орталыққа қажет инфрақұрылымды қалыптастыруға бюджет қаржысы жұмсалмайтынын атап өтті.

- Түркістан облысы әкімдігі ашық конкурс өткізіп негізгі инвесторды анықтады. Инвестор орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымына инвестиция салатын болады. Қазіргі таңда инвестор орталықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Техникалық және құрылыс жұмыстары 2026 жылдың 4-тоқсанына аяқталып, ресми ашылуы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр, - деді ведомство басшысы.

Екі мемлекет осы орталықты іске қосу арқылы машина жасау, метал өңдеу, фармацевтика, электротехника, химия, тері өңдеу, тоқыма және тігін өнеркәсібін бірлесіп дамытуға ниеттеніп отыр.

- Орталықта «Global Textile» компаниясының дайын тоқыма өнімдерін өндіру жобасы жүзеге асырылады, - деді министр.

Қазіргі жоспар бойынша орталықта әуелде бірнеше зауыт пен фабрика салынуы мүмкін. Ол үшін 50 гектар жерге бірінше кезеңде 27 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Ал екінші кезеңде орталықтың жалпы аумағына 100 гектарға жетіп, инвестиция көлемі 50 млрд теңге болады деген есеп бар.

АҚШ компаниясы Өзбекстан Ұлттық инвестициялық қорының активтерін басқаратынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар