2027 жылы Қазақстан экспортының көлемі 84,6 млрд долларға жетеді – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2027 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 84,6 млрд долларға дейін жетеді. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында талқылауға шығарылған Қаржы министрлігінің «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2027 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 84,6 млрд долларға дейін ұлғайады. Ал, импорт 45,7 млрд долларға жетеді. Болжам бойынша машина жасау саласы өндірісінің көлемі орта есеппен - 5,4, металл емес минералдық өнімдер өндірісі - 2,2, тамақ өнімдерін дайындау - 4,7, фармацевтика - 10,9, металлургия - 1,9 және химия өнеркәсібінің көлемі - 3 пайызға өседі», - деп көрсетілген жоспарда.
Министрлік болжамынша, тау-кен өндірісіның көлемін Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобалары есебінен іске асыру көзделген. Осыған сай, мұнай өндіру орта есеппен 3,2 пайызға артады. Келесі жылы 92,6 млн тонна қара алтын өндірілетін болса, 2027 жылы бұл көрсеткіш 99,9 млн тоннаға жетуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін алдағы үш жылда ғылымды дамытуға республикалық бюджеттен қанша қаражат бағытталатынын хабарлап едік.