2029 жылға қарай 150 млрд доллар тікелей инвестиция тартамыз — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Тоқаев
Фото: Ақорда

«Қазақстан инвестициялық тартымдылықты арттыруға ерекше көңіл бөледі. Тек 2023 жылы экономикамызға 23 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияның бірегей ағыны тіркелді. Халықаралық менеджмент және даму институтының мәліметі бойынша, биыл Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарына енді. Сонымен қатар Moody’s елге бүкіл тарихындағы ең жоғары рейтинг берді. Бірақ біз тартынып қалмай, мұнан ары да инвестиция тарту үшін табанды жұмыс істеуіміз керек керек. Біз 2029 жылға қарай қосымша 150 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту үшін жаңа және өршіл мақсатқа негіз дайындадық», — деді Президент.

Мемлекет басшысы мұндай өршіл мақсатты қолдау үшін Үкіметтегі Инвестициялық басқармаға «осында және қазір"қағидатын сақтай отырып, туындаған мәселелерді шешуге өкілеттік берілген.

«Мамыр айында мен ұлттық экономиканы елеулі ырықтандыру үшін негіз қалайтын президенттік Жарлыққа қол қойдым және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға деген ұмтылысымызды растаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейтіндігін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар