2029 жылға қарай коммуналдық тарифтер қалай өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2026–2029 жылдар аралығында коммуналдық қызмет тарифтері кезең-кезеңімен өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, тарифтердің өзгеруі операциондық шығындарды инфляция деңгейіне индекстеу және стратегиялық тауарлар бағасының өзгеруімен байланысты.
— Негізгі қағида — бір мезетте ірі көлемдегі қаражатты тартып, оны ұзақ мерзім ішінде өтеу. Сондықтан тарифтер бірден емес, кезең-кезеңімен өседі, — деді Тимур Қосымбаев.
Комитет мәліметінше, ірі инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстарының құны шамамен 5 млрд теңге болған жағдайда, тарифке сол жылы тек 500 млн теңге көлемі ғана енгізіледі. Бұл тарифтердің күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Спикердің айтуынша, Су және сумен жабдықтау қызметтері бойынша орташа өсім 20% деңгейінде күтіледі. Бұл қызмет түрлері халықаралық деңгейде салыстырмалы түрде төмен бағаланған.
— Кейбір есептеулер бойынша коммуналдық төлем құрылымында су қызметтерінің үлесі шамамен 1200 теңге деңгейінде қалып отыр, — деді Тимур Қосымбаев.
Комитет төрағасының, 2029 жылдың соңына қарай сумен жабдықтау тарифтері шамамен екі есеге дейін өсуі мүмкін.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй көмегі тетігі сақталады. Бұл коммуналдық шығындардың белгіленген шекті деңгейден асатын бөлігін өтеу механизмі.
Бұған дейін табиғи монополия субъектілеріне 900 млн теңгеге жуық айыппұл салынғанын жазғанбыз.