2029 жылы елімізде бір жұмыскердің орташа жалақысы қанша теңге болады – Үкімет болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет Қазақстан Республикасының 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жария етті.

Жалақы
Фото: Kazinform

Құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылдың ішінде бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы төмендегідей өзгермек:

2024 жылы 396 097 теңге;

2025 жылы 431 691 теңге;

2026 жылы 466 957 теңге;

2027 жылы 500 754 теңге;

2028 жылы 536 347 теңге;

2029 жылы 573 736 теңге.

Бұл ретте, алдағы 5 жылда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып қала береді. Алайда, айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, биыл 1 АЕК 3 692 теңге болса, келесі жылы 3 932 теңгеге жетеді. Одан кейін 2026 жылы – 4 148 теңге, 2027 жылы – 4 355 теңге, 2028 жылы – 4 573 теңге, ал 2029 жылы 4 802 теңге болады.

Айта кетерлігі, 2023 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 181,9 мың теңгені құрады және номиналды мәнде – 15,8 пайызға, нақты мәнде 1,1 пайызға өсті. Орташа айлық жалақы 364,3 мың теңге болды. Номиналды мәнде – 17,6 пайызға, нақты мәнде 2,7 пайызға артты. 

Соңғы жаңалықтар