2029 жылға дейін 1 миллионнан астам отбасы баспанамен қамтылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 143,5 мың баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында еліміздің азаматтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларды қабылдауды жалғастырып келеміз. 2022 жылдың қорытындысында елімізде 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді. Бұл - шамамен 130,6 мың баспана», - деді Марат Қарабаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның дерегінше, өткен жылы тұрғын үй құрылысына 2,9 трлн теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 116,8 пайызға көп.

«Осы жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 143,5 мың баспананы пайдалануға беру көзделген. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді беру арқылы 1 миллионнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram