2029 жылға дейін елордада 206 апатты тұрғын үй сүріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға дейін елордада 206 апатты тұрғын үй сүрілетін болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, Астана қаласында тұрғын үй қорын жаңарту (апатты (ескі) тұрғын үйді бұзу) жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша апатты жағдай туралы қорытындысы бар және 2015 жылдан бастап бұзуды талап ететін 206 үй, оның ішінде 18 апатты жатақхана бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта 2023-2029 жылдары бұзуға жататын 4710 пәтерге арналған 206 апатты үйдің тізбесі қалыптастырылды. Бұзуға жататын Астана қаласының апатты үйлерінің тізбесі туралы ақпарат сайтта жарияланды», -деді әкімдік агенттіктің ресми сауалына орай.