2030 жылдан кейін РФ, Иран және Катар ғана газ жеткізуші болып қалады

МӘСКЕУ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат – 2030 жылдан кейін әлемдік нарықта ірі газ жеткізетін үш ел ғана қалады, олар – Ресей, Иран және Катар. «Газпром» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведев «Вести» телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір айтты,

2030 жылдан кейін РФ, Иран және Катар ғана газ жеткізуші болып қалады
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Оның пікірінше, ұзақ мерзімді келешекте еуропалық тұтынушылардың газды тұтынуы шамамен қосымша 100 млрд. текшеметрге артады. 2030 жылдан кейін Ресей, Иран және Катардан басқа газ жеткізетін елдер қазіргі жұмыс істеп тұрған және болашақта салынатын газ құбырларын толтыруды толық көлемінде қамтамасыз ете алмайды. Сөйтіп, газ тасымалдауда, атап айтқанда «Оңтүстік ағын» және «Солтүстік ағын» жобаларын жүзеге асыру және одан әрі дамыту қажеттігі туындайды, деді А.Медведев. Бүгінде Иран, Катар және Ресей «үлкен газ үштігін» құру туралы шешім қабылдады. Байқаушылар оған «газ жөніндегі ОПЕК» деген атау берді. Алайда АҚШ пен Еуроодақ оны құру бүкіл әлемнің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп туғызады және баға жөнінде қулық жасауға мүмкіндік береді деп санайды.