2030 жылға дейін елімізде газдандыру деңгейі 56%-ды құрайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға дейін елімізде газдандыру деңгейі 56%-ды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Энергетика министрi Владимир Школьник мәлiм еттi.

2030 жылға дейін елімізде газдандыру деңгейі 56%-ды құрайтын болады

Оның айтуынша, 2014 жылы ҚР Энергетика министрлігі Елді газдандырудың бас сызбасын әзірледі.

"Қазіргі таңда 7 млн. қазақстандық, яғни 1150 елді мекен газға қосылған. 2030 жылға дейін елімізде газдандыру деңгейі 56%-ды, немесе 1,6 мың. елді мекенді құрайды, ал тұтынатын газдың көлемі 2013 жылғы 10,9 млрд. м 3-тан, 2030 жылы 18 млрд. м 3-қа жетеді", - дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, 2015 жылы белгіленген дәлізде мұнай тұрақты өндірілетін болса, газды өңдіру жылына 42,2 млрд.м 3 құрайды.

Бiрқатар жобалар қолға алына бастады. Мәселен, Қазақстан-Қытай газ құбырының үшінші тізбегі жылына 55 млрд.м 3 дейін тасымалдау мүмкіндігін береді. «Бейнеу-Бозой» газ құбыры Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының 300-ден аса елді мекенін газбен қамтамасыз етпек.

2015 жылға «Аудандар, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» атты 026 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 22 млн. 150 мың теңге бөлінді.