2030 жылға қарай Қазақстан халқы 20 млн-ға жетеді - Б.Нұрымбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионға жетеді. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Өсудің жаңа үлгісін іздеу жолында тақырыбындағы сессияда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Демографиялық болжамдарға сәйкес, Қазақстан еңбекке қабілеттегі жастағы халқының жыл сайынғы табиғи өсімі 2017-2018 жылдары 10 мың адамға дейін төмендеп, тек 2019 жылдан өсім көрсете бастайды. 2020 жылы өсім шамамен 25 мың адамды құрайды және 2050 жылға қарай жыл сайынғы өсім 100 мың адамнан асады. Бұл бір жағынан еңбек нарығындағы күрделі жайтты төмендетеді. Дегенмен, екінші жағынан экономикалық өсім қарқынына ықпал ететін болады», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, таяу болашақта табиғи өсім мен адамдардың өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты ел халқының жалпы саны да көбейетін болады. Осы ретте ол БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік істер департаментінің болжамды мәліметтерін алға тартты. Аталған деректерге қарағанда, 2030 жылға қарай Қазақстан халқы 14 пайызға өсіп, 20,1 млн. адамға жететін болады.
«Уақыттың осынау сынына жауап беру үшін біз ішкі еңбек ресурстарын өндірістің жұмысқа тартуды жоспарлаудамыз. Бүгінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудамыз», - деді Б.Нұрымбетов.