2030 жылы Қазақстан электр энергиясын экспорттай бастайды - Ә. Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылы Қазақстан электр энергиясын экспорттай бастайды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi.

2030 жылы Қазақстан электр энергиясын экспорттай бастайды - Ә. Исекешев

"Бiз Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның жанармай-энергетикалық кешеннiң даму тұжырымдамасын әзiрледiк. Қуаттың балансы 2030 жылға дейiн көрсетiлген. Бiзде үш аймақ бар: оңтүстiк, солтүстiк және батыс. Ол баланс 2030 жылы бiзде электр энергиясынан тапшылық болмайтындай етiп жасалды. 2030 жылға қарай атом электрстансалары энергобалансқа кiретiндiктен, қосымша қуат пайда болады. Бiздiң электр энергиямыз экспортқа шығады", - дедi ол.