2030 жылы мұнай мен конденсат өндірісінің жалпы көлемі шамамен 112 млн. тоннаны құрауы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылы мұнай мен конденсат өндірісінің жалпы көлемі шамамен 112 млн. тоннаны құрауы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

2030 жылы мұнай мен конденсат өндірісінің жалпы көлемі шамамен 112 млн. тоннаны құрауы тиіс

Оның атап өтуінше, 2040-2050 жылдары мұнай мен газға әлемдегі сұраныстың деңгейі төмендемейді. Сондықтан болашақта көп жылдарға дейін мұнай мен газ нарықта сұранысқа ие бола береді. Жалпы, Қазақстан қазіргі таңда мұнай қоры бойынша әлемде 12-орында, ал газ қоры бойынша 20-орында тұр.

Сондықтан да бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның жанармай-энергетикалық кешенін 2030 жыла дейін дамыту тұжырымдамасы қаралғанын атап өткен министр: «Аталған құжатқа сәйкес 2030 жылы мұнай мен конденсат өндірісінің жалпы көлемі шамамен 112 млн. тоннаны құрауы тиіс. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 81,8 млн. тонна болған еді», - деді.