2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс жылына 25 млрд текше метрге дейін артады - сарапшылардың бағалауы

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сарапшылардың ұзақ мерзімді болжауына сәйкес 2040 жылға қарай су ресурстарына сұраныс Қазақстанда 56% артып, жылына шамаман 25 млрд текше метрді құрайды,
None
None

деп хабарлады бүгін ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында.

«2040 жылға қарай су мен су тұтынуға сұраныс жалпы Қазақстан бойынша 56% артып, қазіргі 16 млрд. текше метрмен салыстырғанда жылына 25 млрд. текше метрді құрайды», - деді Н.Қаппаров.

Ведомство басшысының айтуынша, өсудің аталған болжамы болжанған мерзімде халық санының 20,8 млн адамға дейін артуының негізінде қалыптастырылған. Сондай-ақ, ол атап өткендей, жылына су тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен алғанда 1,9 % динамикамен өсіп отырады.

Өнеркәсіптік секторға келетін болсақ, Н.Қаппаровтың мәліметінше, мұнда су тұтыну көлемдерінің өсуі 2040 жылға қарай шамамен 35%-ды құрайды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жылына 4% көлемде артуына сәйкес. Су тұтынудың ең жоғары өсуі мұнай мен газ шығару және өңдеу, тау-кен өнеркәсібінде және электр энергиясын өндіру саласында байқалады.

Бұдан өзге, қоршаған ортаны қорғау ведомствосы мәлімдегендей, ауыл шаруашылығында тұрақты суару ауданын 2040 жылға қарай 2,1 млн га дейін кеңейту күтілуде, бұл сәйкесінше су тұтынудың жылына 1,6%-ға өсуіне алып келеді, деп хабарлады primeminister.kz .

Соңғы жаңалықтар