2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы тұтыну көлемінің 50 пайызына жетуі мүмкін - Е.Нысанбаев
«Қазақстанда, тіпті, жақын болашақта су ресурстарының тапшылығының басталуы әрі 2040 жылға қарай болжам бойынша, оның тапшылығы тұтынудың 50 пайызына дейінгі көлемді құрамы құрауы мүмкін. Бағдарлама осындай жайттың орын алуын болдырмау үшін әзірленді», - деді ол Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасына тоқтала келе.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Елбасы Жарлығымен бекітілген аталған бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстанның су қауіпсіздігінің су ресурстарын басқару тиімділігін көтеру арқылы қамтамасыз ету.
«Бағдарламамен шешілетін негізгі міндеттер үш бағытқа топтастырылған. Біріншісінде, халықты, қоршаған ортаны және экономика салаларын су ресурстарымен суды үнемдеу және бар су ресурстарының көлемідерін ұлғайту бойынша шараларды жүзеге асыру кепілді түрде қамтамасыз етіледі. Екіншісінде - су ресурстарын тиімді басқару артады. Үшіншісінде сулы экологиялық жүйелердің тұтастығы қамтамасыз етіледі», - деді Е.Нысанбаев.