2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы жылына 12,2 млрд. текше метрді құрайды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы жылына 12,2 млрд. текше метрді құрайды. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров айтты.
None
None

«Жұмыс тобының компьютерлік модельдеу негізгінде әзірлеген болжамынша жыл сайын күтілетін трансшекаралық сулардың қысқаруына және ауыл шаруашылығында су тұтынудың өсуіне орай 2040 жылға қарай Қазақстан бойынша толықтай алғанда су тапшылығының жалпы көлемі жылына 12,2 млрд. текше метрді құрайды», - деді ол.

Дегенмен, министрдің атап өтуінше, су тапшылығы проблемасын шешуге болады. Ол үшін ауыл шаруашылығында, кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында мақсатты шараларды жүзеге асыру қажет.

Соңғы жаңалықтар