04:55, 03 Қазан 2013 | GMT +5
2050 жылға қарай әлемде 10 миллиардқа жуық адам өмір сүретін болады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Парижден француздық Ұлттық демографиялық зерттеулер институтының хабарлауынша, олар таяудағы 35 жылдың ішінде Жер халқы санының өсуін есептеп шығарған. 2050 жылға қарай ғаламшардағы халық саны 10 миллиард адамға жуықтайды, деп хабарлады РБК.

Ең халқы көп құрлық - Азияда халық саны қазіргідей 5,284 млрд.адам болмақ. Африкада 2,435 млрд. адам өмір сүретін болады, бұл қазіргіден екі есеге көп. Еуропада барлығы 517 млн. адам болмақ. Қос Америкада 2050 жылға қарай 1 млрд.-тың үстінде халық болады деп күтілуде.
Қазіргі кезде Жерде 7,141 млрд. адам тұрады.