2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халық саны 3,5 млн адамға өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халық саны 3,5 млн адамға дейін ұлғайады. Бұл «Ашық» НҚА порталында жариялаған «Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2050 жылы болжамды халық саны 27,8 млн адамға жетеді. Ал мегаполистердің халқы 2 есеге өседі. 2030 жылға қарай жұмыс күшінің жыл сайынғы өсімі шамамен 100 мың адамды құрайды. Ағымдағы үрдістерді сақтай отырып, өңірлік теңгерімсіздіктер күшейтілетін болады. 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті жастағы халық саны 3,5 млн адамға өседі. Урбанизация жылдамдығы жеделдейді. Бұл мегаполис тұрғындарының 2 есе ұлғайуына әкеледі. Қала халқының тез өсуі әлеуметтік маргиналдану қаупіне әкеп соғуы ықтимал», - деп көрсетілген кешенді жоспарда.

Сонымен қатар құжатта 2021 жылы міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін бағалау кезінде ресми жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы 110 мың теңгеден төмен табыс тапқаны жазылған. Еңбек министрлігінің мәліметіне сай, бұл азаматтар «жұмыс істейтін кедейлер» болып саналады.

Қоса кетсек, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін министрік Еңбек нарығын дамытудың 5 жылдық жоспарын бекітуді ұсынып отыр.


Соңғы жаңалықтар