2050 жылға қарай еуропалықтар азаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жер тұрғындары» (Stiftung Weltbevölkerung) қорының деректерінше, 2050 жылға қарай Жер тұрғындарының жалпы саны бойынша еуропалықтар азаяды, деп хабарлады Deutsche Welle.

2050 жылға қарай еуропалықтар азаяды

Неміс қорының бағалауынша, 2015 жылы Жер шарында шамамен 7,3 млрд адам тұрады. Олардың ішінде еуропалықтардың үлесі 10%, африкалықтар - 15%, ал азиялықтар үлесі 60% болады.

Жалпы алдағы 35 жылда жер тұрғындарының саны 34% артып, 9,76 млрд адамды құрайды.

2050 жылға қарай азиялықтардың саны шамамен 54% кемиді, ал африкалықтар жер тұрғындарының шамамен төрттен бір бөлігін құрамақ.