2050 жылы әлемде мигранттар саны 320 миллионнан асады - БҰҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі көрсеткіштер сақталған жағдайда әлемдегі мигранттар саны XXI ғасырдың ортасында 351 млн адамға жетеді. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның 2016 жылғы 19 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін босқындар мен көші-қон проблемасы бойынша форумға дайындаған баяндамасында айтылды.

2050 жылы әлемде мигранттар саны 320 миллионнан асады - БҰҰ

БҰҰ сайтында жарияланған құжатта 2015 жылы халықаралық мигранттар мен босқындар саны 244 млн адамға жеткені атап өтіледі. Бұл 71 млн немесе 2000 жылмен салыстырғанда, 41 пайызға көп.

БҰҰ бас хатшысы соғыс, адам құқығының бұзылуы, экономикалық дағдарыс, климаттың өзгеруі, табиғи апаттар адамдардың өз үйлерін тастап қашуына соқтырып жатқандығын атап өткен.

«Болжам бойынша, әлем халқы келешекте арта түседі, яғни 2050 жылы 9,7 млрд адам болады. Күллі әлем халқы құрамындағы халықаралық мигранттар үлесі тұрақты болған жағдайда 2050 жылы олардың саны 321 млн адамға жетеді», - делінген баяндамада.