21 ақпан. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 21 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат өз оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР


Ресей Федерациясы Иркутск облысында туған. 1983 жылы Өскемен құрылыс техникумын, 1988 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын, ал 2011 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Белогорск тау-кен байыту комбинатында сылақшы-сырлаушы болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін Өскемен құрылыс техникумының комсомол комитетінің хатшысы, технологиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1992-1997 жылдары – Жастар істері жөніндегі комитеттің, Өскемен қаласы әкімі аппаратының жастар істері, туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы, бас маманы. 1995-1997 жылдары – «Информ-коктейль», «Витрина» және «Леди-Лидер» телевизиялық бағдарламаларының тележаңалықтар журналисі, тележүргізушісі, редакторы, Өскемен қаласы. 1997-1998 жылдары – Қалалық жастар қорының директоры. 1998-1999 жылдары – Өскемен қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің консультанты. 1999-2016 жылдары – «Status» Әйелдер федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, басқарма төрайымы. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі. 2005 жылы Бейбітшілік Нобель сыйлығына номинацияланған әлемнің 1000 әйелінің құрамына кірген, Нобельдік Халықаралық акциясының ұйымдастырушы комитеті шығарған «Әлемді өзгерткен 1000 әйел» атты кітап кейіпкерлерінің бірі. Қазіргі лауазымын 2016 жылғы 24 наурыздан бері атқарып келеді. «Ерен еңбегі үшiн» медалімен (2016), «Астананың «10 жылдығы» (2008) және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медальдерімен марапатталған.

Павлодар қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (1987). Заңгер, отбасы құқығы, экологиялық құқық, адвокаттық қызмет бойынша маман. Университет бітіргеннен кейін Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы (1990-1993); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк практика жөніндегі орынбасары, кейіннен оқытушы (2000-2004) болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдары негізгі мақсаты халыққа тегін заңгерлік консультациялық көмек көрсету, халықтың аз қамтылған топтарына заңгерлік және адвокаттық қолдау көрсету болып табылатын «ЗАҢГЕР» қоғамдық қорын құрып, оны басқарды. 2004 жылы «Асар» Республикалық партиясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының хатшысы (2004-2006) болып тағайындалды. 2006 жылы «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2006-2011) болып тағайындалды. 2007 жылы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты (2007-2011) болып сайланды. V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2016-2021).
2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі, 2004 жылы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды. 2011 жылдың қарашасынан 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.