21 ақпан. Тұлғалар туған күн
Kazinform оқырман назарына 21 ақпанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

58 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Айгүл Қабдешқызы НҰРКИНА дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (1987). Заңгер, отбасы құқығы, экологиялық құқық, адвокаттық қызмет бойынша маман.
1990-1993 жылдары Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы болып жұмыс атқарған. 2000-2004 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк практика жөніндегі орынбасары, кейіннен оқытушы болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдары негізгі мақсаты халыққа тегін заңгерлік консультациялық көмек көрсету, халықтың осал топтарына заңгерлік және адвокаттық қолдау көрсету болып табылатын «ЗАҢГЕР» қоғамдық қорын құрып, оны басқарды. 2004-2006 жылдары «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының хатшысы болды. 2006-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2007-2011 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, 2012-2016 жылдары V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016-2021 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, 2021-2023 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі қызметін атқарған.
«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.
53 жыл бұрын (1971) «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келген.

Целиноград қаласында дүниеге келген. Семей технологиялық институтын «экономист» мамандығы бойынша (1991), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша (2007) бітірген.
1996-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері болды. 2006-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009-2010 жылдары «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылы «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010-2012 жылдары «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды. 2012-2018 жылдары «Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры болды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1977) «Астана-РЭК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Дмитрий Николаевич БЕЛИКОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған.
2003 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын энергиямен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1994 жылы «Катюша» кооперативінің слесарі, 1996-1997 жылдары «Катюша» кооперативінің жабдықтаушысы, 1997 жылы «ОЖДХ» АҚ бу қазандығының машинисі, 1997-1999 жылдары «Металлоптторг» ЖШС слесарь-электршісі, 1999-2003 жылдары «Қалалық электр желілері» ЖШС электр беру желілері қызметінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі 3-дәрежелі электрмонтері болып жұмыс атқарған. 2003-2005 жылдары «Қалалық электр желілері» ЖАҚ Электр беру желілер қызметінің шебері, 2005-2006 жылдары «Қалалық электр желілері» АҚ Кабельді электр беру желілер қызметінің шебері, 2006-2008 жылдары «Қалалық электр желілері» АҚ Кабельді электр беру желілер қызметінің аға шебері, 2008-2011 жылдары «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Кабельді желілер қызметі бастығының орынбасары, 2011-2021 жылдары «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Кабельді желілер қызметінің бастығы қызметінде болды. 2021-2022 жылдары «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ бас инженердің орынбасары, 2022-2023 жылдары «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ бас инженері болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қараша айынан бастап атқарып келеді.
2011 жылы «Қазақстан Электр Энергетикалық Кауымдастығының құрмет грамотасымен», 2019 жылы «ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасымен», 2020 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2020 жылы «ГОЭЛРО жоспарының 100 жылдығы» медалімен марапатталған. ТМД еңбек сіңірген энергетигі.
46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулы Дмитрий Леонидович МИХНО дүниеге келді.

1999 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «математика пәнінің мұғалімі, инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы халықаралық қатынастар саласындағы маманы Қазақстан Республикасы СІМ дипломатия академиясын бітірді. 2011 жылы «мемлекеттік және муниципалды басқару» маманы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саяси департаментінің референті, 2002 жылы ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Азия және Африка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің атташесі, 2002-2005 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі, III, II хатшысы; 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің II хатшысы; 2007-2008 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің кеңесшісі, басқарма басшысы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, 2011-2014 жылдары ҚР СІМ- Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2019 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Протокол басшысының орынбасары қызметінде болды. 2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің бастығы.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді.
39 жыл бұрын (1985) «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерден Қанағатұлы АЛДАЖАРОВ дүниеге келді.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде (ҚазЭУ) және Қытай Тіл және мәдениет университетінде (BLCU) оқыған.
Еңбек жолын 2006 жылы «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС-де бастаған. 2012-2019 жылдары «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС, «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС және «Строй Проект KZ» ЖШС басшылық қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.
107 жыл бұрын (1917-2011) қазақ театр және кино актрисасы, ССРО халық әртісі Хадиша Бөкейқызы БӨКЕЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленген.
Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Ақтоқты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Людмила (А. Островскийдің «Кешіккен махаббатында») сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.
Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. 1938-1942 жылдары Шымкент облысы қазақ драма театрының әртісі, 1942 жылдан өмірінің соңына дейін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі болған. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқарды.
1946 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1957 жылы Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі), 1959 жылы КСРО-ның ең жоғарғы Ленин ордені берілді. 1964 жылы КСРО халық әртісі, 1974 жылы профессор, 1987 жылы «Халықтар достығы» орденімен, 2000 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды.