21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар түсіп, жел күшейіп, боран соғып, жер көктайғақтанып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 17-22 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында боран соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Атырау, Ақтөбе облыстарында боран соғып, тұман түседі. Қостанай облысында көктайғақ болады деп күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді. Алдағы күндері Сырдария өзенінде, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының кей өзендерінде су деңгейінің тербелуі байқалуы ықтимал.