Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

21-ғасыр басындағы «Nokia 3310» телефондары қайта шыға бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпан айында Nokia брендімен құрылғылар шығару құқығына ие финдік HMD Global компаниясы классикалық Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын таныстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Independent сайтына сілтеме жасап.

21-ғасыр басындағы «Nokia 3310» телефондары қайта шыға бастайды

Жаңа нұсқадағы телефонның құны - 59 еуро. Ол осы модельді қайта аңсап жүргендердің екінші телефоны болады деп болжауда.

«2000 жылы сатылымға шығарылған бұл телефон заманауи мобильді телефондар дәуіріне жол салды, қуаты ұзаққа жетеді және корпусы өте мықты», - деп жазды басылым.

Газеттің хабарлауынша, телефон 27 ақпан-2 наурыз күндері Барселонада өтетін Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылады.