21 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1961) Қызылорда облысы кәсіподақтар бірлестігінің аумақтық төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 1983 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, 1988 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғары курсын, 1995 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық–талдау департаменті бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңес Төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша басшысы лауазымдарында болды. 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы. 2019-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың шілдесінен.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және өзге ведомстволық наградалармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы Оңал Ботаұлы БЕКИЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция Полкінің инспекторы лауазымынан бастаған. 1999-2015 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2015-2018 жылдары Астана қаласы Мамандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, 2018 жылы Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР ІІМ Кадр жұмысы (саясаты) департаменті бастығының орынбасары, 2019 жылы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары – Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымында болды.
2022 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ аппаратының басшысы қызметін атқарады.
48 жыл бұрын (1977) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, шетел университеттерінде оқыған.
1998-2007 жылдары банк жүйесінде жұмыс істеген. 2007-2011 жылдары ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды. 2011-2018 жылдары ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының қызметін атқарды. Әртүрлі жылдарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңестің) мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту бағыты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда (соның ішінде қаржы нарығындағы Консультативтік комитет аясында) Қазақстан Республикасын (Ұлттық Банк) таныстыруда жұмыс атқарды. 2018-2019 жылдары «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы болды. 2019-2022 жылдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарған.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың ақпанынан.
Мемлекеттік марапаттардың иегері, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
44 жыл бұрын (1981) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Мертнайұлы ЫБЫРАЕВ дүниеге келді.

Қостанайда туған. 2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2002-2003 жылдары Қостанай облысы, Қарасу ауданында прокурордың көмекшісі міндетін атқарушы, 2003-2006 жылдары Қостанай облысы, Қарасу ауданы прокурорының көмекшісі, 2006-2008 жылдары Қостанай облыстық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, 2008-2010 жылдары Қостанай қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет етті. 2010 жылдары Қостанай облысы прокуратурасының басқарма бастығы – аппарат басшысы, 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокуроры аппаратының өтініштермен жұмыс және іс жүргізу басқармасының бастығы болды. 2018-2019 жылдары Қостанай облысы прокурорының орыбасары қызметін атқарған, 2019 жылы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және талдау басқармасын басқарды.
59 жыл бұрын (1966-2021) белгілі қазақстандық актер Фархат Нұрсұлтанұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 1988 жылы Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген, инженер-технолог.
2007 жылдан «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі. 1988 жылдан «Турист» мейрамханасының директоры, 1999 жылдан Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері болды.
«Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат («Мосфильм» - «Қазақфильм», 1996), «Фара» - Фара («Қазақфильм», 1999), «Застава» - Есірткі бароны («Мосфильм», 2005), «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы («Мосфильм», 2008), «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан («Қазақфильм», 2010), «Махаббат тәлкегі» - Жаттықтырушы (2010), «Тасадағы махаббат» - Сергей («Мосфильм», 2010), «Нағыз полковник» - Жандос («Мосфильм» - «Қазақфильм», 2010) және өзге де кинофильмдерге түскен. ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996), XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999), «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000).