21 қаңтар. Жылнама
Кazinform оқырман назарына 21 қаңтарға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР
Халықаралық достық құшақ күні
Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1932 жылы «Казахстанская правда» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы атауы «Известия Киргизского края» болған, оның алғашқы нөмірі 1920 жылы 1 қаңтарда шықты. Ол бейсенбі сайын шығатын апталық газет болды. 1932 жылғы 20 қаңтарда Қазрайком III Пленумының қаулысымен «Советская степь» «Казахстанская правда» болып өзгертілді. 1932 жылғы 21 қаңтардан бастап алғашқы нөмірі шыға бастады.
1995 жылы Қазақстанда «Іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік іскер әйелдердің қызмет саласын мен әлеуметтік бағыттылығынан тыс іскер әйелдердің жоғары мәртебесі мен имиджін қалыптастыру, іскер әйелдерді шоғырландыру, сондай-ақ әйелдер мен отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында құрылды.1997 жылы Алматыдағы Магнитогорск көшесі актер, КСРО-ның халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың атына өзгертілді.
В 1997 году в Алматы улица Магнитогорская была переименована в улицу имени казахского актёра театра и кино, народного артиста СССР, лауреата двух государственных премий СССР (1974, 1980) Идриса Ногайбаева (1931-1989).
1997 жылы Алматыдағы Магнитогорская көшесіне қазақ театр және кино актері, КСРО халық әртісі, екі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1980) Ыдырыс Ноғайбаевтың (1931-1989) есімі берілді.
2009 жылы Республиканың елордасында қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Одан қаланың тарихы, экономикасы, тұрғындар құрамы, мәдениеті, бiлiмі, ғылымы, көрікті жерлері, тарихи және мәдени мұрасы, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдері туралы танысып білуге болады. Энциклопедияда ғылым мен бiлiм, өнер саласындағы белгiлi қайраткерлердің өмiрдеректері бар. Энциклопедия 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылған.
2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласы мен Ақмола облысының шекаралары өзгерді. Осылайша Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігі Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына және Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігі Астана қаласының шекарасына қосылды.
2014 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдер Қазақстаннан Қайрат Әбдірахманов пен Тринидад және Тобагодан Родней Чарлз екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастарды белгілеу туралы бірлескен құжатқа қол қойды.Тринидад және Тобаго - Кариб теңізінің оңтүстігінде орналасқан арал мемлекет, онда 1,3 миллионнан астам адам тұрады. Негізгі экономикалық секторлары - мұнай, табиғи газ өндіру және өңдеу.
2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің екінші курс студенті Фархад Мәденов Лас-Вегаста аяқталған «Хрустальная магнолия» жас орындаушылардың XIX халықаралық музыкалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпазға Лос-Анджелестегі беделді музыкалық оқу орындарының бірінде тегін оқу мүмкіндігі беріледі.
2016 жылы Түркі халықтарының бүкіләлемдік конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Түркі елдерінің үздік жоғары оқу орны» атағын берді.
2017 жылы отандасымыз Кирилл Герасименко Қазақстан Республикасы тарихында ITTF World Tour жарыстарының ақтық кезеңіне өтіп, үстел теннисінен әлемдік тур чемпионы атанған тұңғыш спортшы болды. 21 жасқа дейінгі топта Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкілі Кирилл Герасименко ақтық сында 3:2 есебімен француз Аккузу Каннан басым түсті.
2019 жылы Өскеменде Ольга Рыпакова сыйлығына жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті. Михаил Литвин жеңіске жетіп, Қазақстанның жаңа жоғары жетістігін орнатты. Спортшы 400 метрге жүгіруден бірінші орын алды. Оның уақыты – 46.26 болып, Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды.
2021жылы Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты комитеті құрылды.
2024 жылы шетелде білім алған қазақстандықтар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша білімі туралы құжаттарын тапсыра алады. Қызметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы көрсетеді.