21 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Kazinform

АСТАНА

10:00-де ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

10:30-да Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары шекара бөлімдері ғимараттары мен құрылыстарын жобалау, салу және қайта жаңғырту мәселелері бойынша қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен кездесу өткізеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәрілік құралдардың бағасын қалыптастырудың жаңа механизмдері туралы баспасөз конференциясы өтеді.

19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Туған күн» комедиясы сахналанады. 

19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында SHOCK ҚЫЗДАР комедиясы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар