21 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
None
None

Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел соғады, оның екпіні 18-23 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел соғады, оның екпіні15-20 м/с болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады деп күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Соңғы жаңалықтар