21 қараша. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1961) Энергетикалық хартия Бас хатшысының арнайы өкілі, WPC маркетинг жөніндегі вице-президенті және атқарушы комитетінің мүшесі Жанболат Жақияұлы СӘРСЕНОВдүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын «денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша (1982), Киев дәрігерлерді жетілдіру институтының ординатурасы мен аспирантурасында оқуын жалғастырған («зерттеуші дәрігер», 1992); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2003), Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2005). Еni Corporate University «Маster of Реtroleum Businesses» мамандығы бойынша дайындықтан өткен.
90-жылдары бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарды басқарған. «Мұнай және газ тасымалы» ҰК«АҚ және «ҚазМұнайГаз«ҰК» АҚ жүйесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. 2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК«АҚ-тың көлік инфрақұрылымы және қызметтік жобалар бойынша атқарушы директоры. 2003-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» сауда үйі«ЖАҚ-тың бас директоры. 2004-2005 жылдары «КазРосГаз» АҚ бас директоры. 2005 жылдың маусым-желтоқсанында — «ҚазМұнайГаз» ҰК«АҚ аппарат басшысы. 2005 жылдың желтоқсанында «KAZENERGY«мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ-ның бас директоры болып тағайындалды. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы (2016-2017).
«Құрмет» (2010), «Парасат» (2015) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Kazenergy-ге 10 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.
52жылбұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат, «Raimbek Group» холдингі компаниялары Директорлар кеңесінің төрағасы РайымбекӘнуарұлыБАТАЛОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
1992-1998 жылдары - «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары -- «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі; «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық палатасының Басқарма мүшесі (2007 жылдан); 2014 жылдан бастап - Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматы хайуанаттар бағына әлеуметтік көмек» қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы, Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің «Достар клубының» мүшесі.
Қазақстан меценаттар клубының әдебиет, ғылым, өнер және ағарту саласындағы тәуелсіз сыйлығының құрылтайшысы.