21 қыркүйекте ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 21 қыркүйек, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

ауа райы күз
Фото: Pexels

Еліміздің басым бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-шығыста күн күркірейді.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 1 градус аяз сақталады.

Барлық дерлік өңірде төтенше өрт қаупі бар.  

Соңғы жаңалықтар