21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Ертең Алматыда сағат 10:00-де дабыл белгісі іске қосылады.
21 мамыр күні сағат 10:00-де Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді.
«Дабыл-дыбыс қондырғылары іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша сейсмикалық жаттығу жүргізіледі»,- деп атап өтті департаменттен.
Бұған дейін Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі пилоттық режимде іске қосылатыны туралы жазған болатынбыз.