21 мамыр. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 21 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

6 5 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Алексей Юрьевич ВОЛКОВдүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген.
Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1981-1991 жылдар аралығында Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.
1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған.
1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарады. 1992 жылдан - БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі.
1994 жылдан - БҰҰ және арнаулы халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы.
1996 -1999 жылдары -Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы).
1999 -2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы.
2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2005-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2016-2021 жылдары Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

Алматы қаласында туған.
Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Еңбек жолы: 1997 жылы - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» Басқарма төрағасы; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 жылы - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі; 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы; 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы. 2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бері.

Қазақстан-Британ техникалық университетін (KBTU) «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша инженер дәрежесімен бакалавриат, Халықаралық бизнес университетінің (UIB) магистратурасын экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша, Қазақ агротехникалық университетінің магистратурасын бітірген.
Ресей СІМ Дипломатиялық Академиясының (Мәскеу) магистратурасында оқыған.
Еңбек жолы: «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жетекші маман, бас сарапшы, басқарма бастығы, Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары (2009-2012 жылдары); Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) техникалық регламенттерді әзірлеу бөлімінің консультанты, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің әдіснама бөлімінің кеңесшісі (2012-2014 жылдары); ҚР Ұлттық экономика министрлігінде: Халықаралық экономикалық интеграция департаменті бас сарапшының м.а., бас сарапшы, ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы (2015-2016 жылдары); ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Бас директордың орынбасары (2016-2017 жылдары); ҚР Үкіметінің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары (2017-2021 жылдары) болып жұмыс істеді. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, III дәрежелі «ЕАЭО құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.