21 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр жауып,батыста күндіз қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Павлодар облыстарында, күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.