21 мамырда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА
Сағат 9.45-те Ұлттық музейде мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің арасындағы «Рухани қазына» І фестивалі өтеді. Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстабек Мұхамедиұлы қатысады деп күтілуде.
Сағат 10.00-де Кәсіподақтар федерациясында «Орта Азия елдеріндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары: талдау және келешегі» деген тақырыппен дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 10.00-де Мәжілісте «үкімет сағаты» өтеді.
Сағат 11.00-де Еуразия экономикалық комиссиясының делегациясы экономикалық және қаржылық саясат жөніндегі коллегия мүшесі Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Қазақстан бизнес қауымдастығымен кездесу өткізеді.
Сағат 14.00-де «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қариннің, «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің, боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен брифинг өтеді.
Сағат 14.30-да Тәуелсіздік сарайында әлемнің үздік 20 кітапханасының, отандық кітапханалардың қатысуымен «Әлем астаналарының шежіресі» атты халықаралық көрме өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Rixos Almaty» қонақүйінде «Форум-2018: Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестігі» деген атпен трансшекаралық электронды бизнес саласындағы серіктестік форумы болады.
Сағат 18.00-де «Алматы студенттер альянсының» ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған жастардың дельфи ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Дельфи ойындары - шығармашыл әрі талантты жастардың басын біріктіретін жас өнерпаздар арасындағы кешенді жарыс.