21 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

21 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде «Гидроэнергетика: Орталық Азия және Каспий-2023» халықаралық конгресі мен көрме өтеді.

10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Құрбан айт-2023» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Астана қаласы дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов, Астана қаласының бас имамы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов, Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

17.00-де Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері Амалбек Тшановтың «Айырылысу, табысу және арылу туралы толғам» атты мемуарлық кітабының таныстырылымы өтеді.

17.30-да Ұлттық академиялық кітапханада белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «Алаш заңгерлері» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады.