21 маусымға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейе түседі. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

21 маусымға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Атырау облыстарында жел күшейіп, шаң көтеріледі. Қостанай облысында түнде тұман түсуі ықтимал. Ал Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облысының кей жерлерінде, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды облыстарында күн қатты ыстық болады деп күтілуде.