21 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 21 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

1 наурыз. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

63 жыл бұрын (1961) ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының кеңесшісі Серік Әбжәліұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

АХМЕТОВ Серик Абжалиевич
Фото: primeminister.kz

Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1985 жылы ҚарМУ-ды бітірген, мамандығы – тарихшы.

Еңбек жолы: 1978 жылы шебер, совхоз жүргізушісі, 1988 жылы кәсіптік мектеп мұғалімі. 1988-1990 жылдары екінші, ЛКСМК Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1990-1991 жылдары ЛҚСМК Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, 1991-1992 жылдары «Рахмет» МП директоры, 1992-1997 жылдары Киров ауданы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 1997 жылы Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 1997-1998 жылдары

Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 1998-1999 жылдары Президенттің кеңесшісі, әлеуметтік мәселелер және кадрлар жөніндегі директор, Майкөбен-Вест АОЗТ бірінші вице-президенті, 1999 жылы «Қазақстанэнерго» ҰЭС СМС директоры, 2000-2002 жылдары «Майкубен-Вест» ЖАҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры, атқарушы директоры, бас директорының кеңесшісі, 2002-2003 жылдары Ақпараттық технологиялар институты ЖШҚ жетекші сарапшысы болды. 2003-2004 жылдары «Бедел» КАЖ бас директоры, 2004-2006 жылдары ҚР Сенаты Төрағасының көмекшісі, 2005 жылы ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының кеңесшісі, 2006 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы, 2007-2008 жылдары Талдау жұмысы және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, «Хип Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Хатшылығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, 2011-2013 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2013-2014 жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкері, 2014-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі, 2019 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2020-2022 жылдары бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1978) - «Байтақ» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Азаматхан Сайлауұлы ӘМІРТАЕВ дүниеге келді.

АМИРТАЕВ Азаматхан Сайлауович
Фото: kznews.kz

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығым бойынша, 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2009 жылы Лондон қаласындағы Bellerbys колледжін, 2009 жылы Сан-Франциско қаласындағы Kaplan Aspect тіл мектебін, 2016 жылы «Сколково» Мәскеу басқару мектебін, Executive MBA (2016) тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1995-1998 жылдары ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы жеке кәсіпкерлік қызмет (Information technology), 1999-2000 жылдары пейджингтік фирманың Алматы филиалының директоры, 2001-2005 жылдары «Kaznewtech» ЖШС директоры, 2005-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы»ҰК АҚ бірінші вице-президентінің ақпараттандыру жөніндегі кеңесшісі, 2007-2009 жылдары «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ президентінің ақпараттандыру бойынша кеңесшісі , 2004-2008 жылдары «Қазақстандық бағдарламалық компаниялар қауымдастығы» вице-президенті, 2005-2008 жылдары «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2008-2014 жылдары «Қазақстандық бағдарламалық компаниялар қауымдастығы» президенті, 2014-2016 жылдары «Инвесторлар Альянсы» ҚҚ президенті (тікелей инвестициялар қорлары) болды. 2016 жылдан бастап «Байтақ-Болашақ «Экологиялық қозғалысы» РҚБ президенті, 2019-2020 жылдары ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, 2020-2021 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі (KZAG) АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2023 жылдан бастап «Байтақ» партиясының төрағасы.

42 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Нұрманұлы ХАТИЕВ дүниеге келді.

2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2006 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2005-2007 Ақмола облысы прокуратура органдарының қызметкері, 2007-2014 жылдары ҚР Монополияға қарсы органда түрлі қызметтерде, 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің көліктегі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті департамент бастығының орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры болды, 2019 жылы ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «электрондық үкіметті» даму және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медалімен марапатталған.

99 жыл бұрын (1925-1996) ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы ШАҢҒЫТБАЕВ дүниеге келді.

ШАНГЫТБАЕВ Куандык Толегенович
Фото: wikipedia.org

Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Ақтөбе педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, Ақтөбе облысының «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы кітабы «Ар» деген атпен 1945 жылы жарық көрді. Кейін туған өлкенің шынайы өзгерістерін, замандастарының ақыл-парасатын, адамгершілік қасиетін жырлаған «Өлеңдер», «Аққу әні», «Ар ма, республикам», «Лирика», «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық шығармалары жарық көрді. Шаңғытбаев драматургия саласында да еңбек етіп, Қ.Байсейітовпен бірге «Беу қыздар-ай», «Ой жігіттер-ай», Құтырғаннан құтылған» пьесаларын және «Алтын таулар», «Айсұлу» операларының либерттосын жазды. Ол - көптеген ән өлеңдерінің авторы. Сондай-ақ А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, М.Лермонтов, И.Гете, Р.Бернс лирикаларын, Омар Хаямның рубаяттарын, А.Горькийдің «Қыз бен ажал» поэмасын қазақ тіліне аударды.

Соңғы жаңалықтар