21 СӘУІР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 21 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

21 СӘУІР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

21 СӘУІР, СЕЙСЕНБІ

Бас бухгалтер күні. Бұл күнді мереке ретінде атап өту бастамасын «Главбух» мамандандырылған журналының редакциясы көтерген. Бұл күннің таңдалуы 1994 жылы 21 сәуірде жарыққа шығуына байланысты.

Бразилияның Мемлекеттік мерекесі - Тирадентес күні. Тирадентес - XVIII ғасырдағы отар Бразилияның тәуелсіздігі үшін Бразилияның алтынға бай ауданы Minas Gerais штатында отаршыларға қарсы үлкен қастандық ұйымдастырушылардың басында тұрған күрескерлердің бірі. Қастандық жасау ниеттері ашылғаннан кейін Бразилияның бостандығы үшін күрескерлер қатаң жазаланған, ал Тирадентес 1792 жылы 21сәуірде Рио-де-Жанейро алаңында дар ағашына асылған.

Пәкістанда Икбал күні. Пәкістанның рухани әкесі саналған ақын, Мұсылман лигасының президенті Мұхаммед Икбалды еске алу күні.

Рим қаласының іргетасы қаланған күн. Б.д.д. 753 жыл Ромулдың (Ромул мен Рем - аңызға айналған ағайынды Римнің негізін қалаушылар) Рим қаласының негізін қалаған күні саналады. Атақты тарихшы Марк Теренций Варронның жазбаларына сүйене отырып, осындай тоқтам жасалған. Римнің туған күнінде қаланың қақпасы Рим тұрғындарымен қатар, бүкіләлемнің бар түкпірінен жиналатын сан мыңдаған туристер үшін символикалық түрде ашылады. 2004 жылдан бастап «Рим құдайы» конкурсы өткізіледі. Оған Италияда тұратын немесе кезінде Рим империясының бір бөлігі болған елде тұратын 18 бен 30 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Қыздар өн бойына римдік әйел мен ішкі жан дүние сұлулығы идеалын жинақтағанын көрсетуі қажет. Жеңімпаз сыйлық ретінде римдіктердің дәстүрлі киімін киген итальяндықтар мен шетелдіктер қатысатын дәстүрлі тарихи кортеждің басында жүру мүмкіндігіне ие болады. Барлық оқиға дәстүрлі рим музыкасы және итальян асханасымен үйлесім тауып отырады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 0 жыл бұрын (1925) «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады.

5 6 жыл бұрын (1959) Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді.

1 5 жыл бұрын (2000) елімізде Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне байланысты «Үшмыңжылдықтағы кітаптар - шетелде» деген атпен көрме өтті. Бұл көрмеге республикамыздағы басты басылымдар, жоғары оқу орындарының баспа өкілдері де қатынасты. Барлық кітаптар Ұлттық кітапхананың алтын қорына сыйға берілді.

10 жыл бұрын (2005) Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының жинағы туралы» Заңдарына қол қойды.

9 жыл бұрын (2006) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының гидрометаллургия зауыты аумағында молибден байыту фабрикасы ашылды. Мұндай фабрика Қазақстанның тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібінде алғаш рет іске қосылып отыр. Молибден кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасы гидрометаллургия зауытының аумағында рекордтық мерзімде - 96 күнде салынды.

8 жыл бұрын (2007) Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы алаңында жаңа «Жастар аллеясы» салынды.

Жаңа аллея «Жасыл күн» аумақты көгалдандырудың республикалық табиғаты қорғау акциясының бастамасы болды.

7 жыл бұрын (2008) Павлодарда «Балалар шығармашылығы және қамту орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны құрылды.

Қалалық білім бөлімінің жаңа мекемесі қаладағы мектептердің, аула клубтары мен балалар орталықтарының арасында өзара байланыс орнататын болады. Әсіресе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдерде есепте тұрған жасөспірімдер мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына ерекше назар аударылады. Олар спорт секцияларына, шығармашылық ұжымдар мен клубтарға тегін бара алады. Жаз айларында орталықтың сауықтыру-спорттық лагерлерінде демалатын болады. Қала бюджеті есебінен қаржыландырылып отырған жаңа құрылымда 50 тәжірибелі педагог жұмыс істейді.

6 жыл бұрын (2009) Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) Астана қаласындағы Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығында «Қазақстанда жергілікті қоғамдастықтар қорын (ЖҚҚ) құру және оны дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

5 жыл бұрын (2010) Алматыда Ұлттық қор нарығының операторлары арнайы баспасөз мәслихатында құнды қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының Қазақстандық қауымдастығын (KASD) құрғанын жариялады.

Қауымдастықты «БТА Секьюритис» АҚ, «Верный капитал» АҚ, «ИФД «Resmi» АҚ, «Казкоммерц Секьюритис» АҚ, «Сентрас Секьюритис» АҚ, «Тройка Диалог Казахстан», АҚ, «Halyk Finance» АҚ бастамасымен Ассоциация құрылған. KASD мүшесі болуды жоспарлайтын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынан, Қазақстан қор биржасы мен бағалы қағаздар орталық депозиттерінен қолдау тапқан.

Қауымдастықты құрудың мақсаты - биржалық сауда және есеп, саналы құқықтық нормаларды сақтау, өзара түсінушілік пен сенім барысында негізі салынған кәсіпшілік мінез-құлықты құнды қағаздар нарығына жоғары этикалық стандарттарды енгізу.

5 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Қазақстанның Корея Республикасындағы жылының салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Шараға Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Корея Республикасындағы жылы Қазақстанның мәдениетімен, өнерімен, тарихымен және бүгінгі күнімен танысу көзқарасы тұрғысынан алғанда Корея Республикасының барлық азаматтары үшін қызықты және пайдалы болатынын атап өтті.

4 жыл бұрын (2011) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстонияға жасаған мемлекеттік сапары аясында «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Эстония сауда өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімнің мақсаты - Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту.

Бір жыл бұрын (2014) 2014 жылғы 21 сәуірдегі Мемлекет басшысының №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.

ЕСІМДЕР

106 жыл бұрын (1909-1967) тарих ғылымының докторы профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері ЕЛЕУОВ Тәжен дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақстан Жастар одағы Алматы облыстық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бөлім меңгерушісі, «Хроника» журналының редакторы қызметтерін атқарған. 1946-1948 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы. 1948-1950 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым хатшысы. 1950-1967 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болған.

Медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

70 жыл бұрын (1945) гельминтолог-паразитолог ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері РАИСОВ Төлеген Қазезұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірген.

1968 жылдан Семей мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті) ассистент, доцент, проректор, ректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан - Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті ректорының кеңесшісі.

Негізгі ғылыми еңбектері гельминтоздың патогенезін, одан сақтану және оны емдеу жолдарын зерттеуге арналған. Паразит пен иесінің арасындағы өзара байланысты (трихинеллез және эхинококк ауруларын) зерттеп, диагностикасын қоюдың және оны емдеудің әдістерін жетілдірді. Шалғай аймақтарда тұратын тұрғындардың денсаулығына ядролық сынақ полигонының радиациялық факторларының әсерін зерттеумен шұғылданады.

200-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның, 4 өнертапқыштық авторлық куәліктің авторы. Ғалымның жетекшілігімен 3 докторлық және 18 кандидаттық диссертация қорғалды.

62 жыл бұрын (1953) ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Ә.Бөкейханов және академик С.Бәйішев атындағы сыйлықтарының иегері, ақындардың халықаралық Түрік фестивалінің, жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Алматы облысы Кербұлақ ауданының құрметті азаматы ТОБАЯҚ Бақытжан Ошақбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. «Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек..», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.

51 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі ӘБДІРАХМАНОВ Қайрат Құдайбергенұлы дүниеге келді. Алматы облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған. Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Бірнеше медальдармен марапатталған.

280 жыл бұрын (1735 - 1818) орыстың көрнекті механик-өнертапқышы Иван КУЛИБИН дүниеге келді.

15 1 жыл бұрын (1864 - 1920) неміс социологы, тарихшы және экономист Макс ВЕБЕР дүниеге келді.

9 3 жыл бұрын (1922 - 2001) кеңестік кинорежиссер, сценарист, педагог, КСРО халық әртісі Станислав РОСТОЦКИЙ дүниеге келді.

8 9 жыл бұрын (1926) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің ханшайымы ЕЛИЗАВЕТА II(Елизавета Александра Мария Виндзор) дүниеге келді.

Ол XI ғасырдан бері Британ корольдігі тарихындағы 42-ші билеуші. Ол 1952 жылғы ақпанның 6-да таққа отырды. Елизавета II ханшайым ретінде Достастық басшысы, құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі күштердің Бас қолбасшысы, Корольдік гвардияның және Корольдік инженерлік полктің полковнигі, 700-ден астам қоғамдық ұйымның президенті әрі жетекшісі болып табылады. Елизавета II Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен екі рет кездескен.