21 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
«Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек..», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.
Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.
Ол 11 жыл бойы құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттары бар. Сонымен қатар ол - ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.
2022 жылдың 1 ақпанынан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымын атқарып келеді.